Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жойқын жарылыс болды. Төтенше оқиға үкімет пен елшіліктер ғимараттары орналасқан «жасыл аймаққа» кіретін ауданда орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Мина қойылған көлік Бисмилла Мохаммади резиденциясының жанында тұрған. Қазір шенеунік пен отбасының қауіпсіз жерде екені хабарланды.
Шабуылды бір де бір топ өз мойнына алған жоқ. Теракт талибтердің елдің оңтүстік және батыс провинцияларына шабуылын күшейткеннен кейін болған.
Содырлардың ел армиясымен текетіресі АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан шығара бастағаннан кейін күшейе түсті.
Жарылыс салдарынан кем дегенде он адам зардап шеккен.