• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Ақмола облысындағы дәрігерлердің қателігінен жас қыздың ауруы асқынып кетті

330 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігерлері туберкулезді қатерлі ісікпен шатастырды. Осының салдарынан жас қыз кемтар болып қалды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Зардап шеккен Айгүлдің өзі мейірбике екен. Осыдан жарты жыл бұрын оның кеуде тұсында түйіншек пайда болып, дәрігерлерге қаралыпты. Ал онкология диспансерінде қызмет жасайтындар рактың 3-ші сатысы деген диагноз қойған. Сосын сол жерде химиятерапия алады.

«Химиятерапияның әр курсы нәтижесіз болды. Ісік үлкейіп, ірің шыға берген соң, бұл жайды химиятерапиямен емдеуші Лейла Айдарханқызына ескерттім. Алайда, ол қолының бос еместігін алға тартып, менің сөзіме құлақ аспады», - дейді жәбірленуші Айгүл.

Кімге сенерін білмеген Айгүл Алматыдағы онкология орталығына барады. Ондағы дәрігерлер сырқат жанды жан-жақты тексеруден өткізді.Сөйтсе, оның кеудесіндегі ірің (мастит) әбден кеулеп, туберкулезге шалдығуына әкеліп соққан екен. Әрі шашы түсіп, ойлау қабілеті нашарлаған.

Бұл жайтты тексерген медициналық бақылау басқармасы 3 дәрігерге сөгіс жариялаумен ғана шектеліпті. Дегенмен, істің ақ-қарасын құқық қорғау қызметкерлері тексеруде.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Gazeta.kz

Фото: Medhaus.ru.

Соңғы жаңалықтар