• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бірінші орынға шықты

670 рет
көрсетілді

Астананың  «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» дивизионында Мәскеудің «Спартак» клубын 4:2 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Кездесуде есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Матчтың 6-шы минутында Найджел Доус Дастин Бойдтың берген пасын әдемі пайдаланып, қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бірінші кезеңде осыдан кейін екі жақ та шайба соғуға қаншама тырысқанымен жанкүйерлерін тағы голмен қуанта алмады. Қонақтар кездесудің 27-ші минутында ғана есепті теңестірді. Бірақ бұл есеп көпке дейін созылмады. Арада бір минут өткенде  Талғат Жайлауов «Спартакқа» екінші голды соқса, 33-ші минутта Найджел Доус тағы да қонақтардың қақпасын дәл көздеді. Соңғы кезеңде астаналықтар есепті 4:1-ге жеткізді. Бұл шайбаның авторы болып Зак Хэмилл атанды. Ойын аяқталар кезде ресейліктер бір шайба ғана соғуға мүмкіндік алды. Одан басқаға олардың шамасы келмеді.

Осы жеңістен кейін «Барыс» «шығыс» дивизионында 44 ойыннан кейін 88 ұпай иелніп, бірінші орынға шықты. Екінші орында осыншама ойыннан кейін соншама ұпай алған Магнитогорскінің «Металлургы» тұр. Үшінші орында Қазанның «Ак барсы» келеді. Оларда 44 ойыннан кейін 86 ұпай бар. Төртінші орында Уфаның «Салават Юлаев» командасы жайғасып отыр. Олар 44 матчтан кейні 81 ұпай иеленуде.

Енді «Барыс» келесі ойынын тағы да өз айдынында өткізеді. Бұл жолы астаналықтар 16 қаңтар күні Хорватияның «Медвешчак» (Загреб) командасын қабылдайды. Хорваттар «Батыс» дивизионында 7-ші орында келеді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.khl.ru

Соңғы жаңалықтар