Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен облыстық жер қатынастарының бастығы болып Нұрлан Әбдуов тағайындалды. Бұл туралы Ras.kz тілшісі хабарлады. «Қостанай облыстық жер қатынастары басқармасында басшы ауысты, басқарма тізгінін Нұрлан Әбдуов ұстады. Аймақ басшысы атап өткендей, Нұрлан Әбдуов арнайы дайындықтан өткен, енді басшылық лауазымға тағайындалып отыр»,- делінген хабарламада. Еске сала кетсек, басқарманың бұған дейінгі бастығы Мереке Дихаевтың үстінен қаржы полициясы бюджет қаржысын талан-таражға салғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғаған-ды. Сондай-ақ, аталған қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 мың теңге залал келтірілгені анықталған.
Тұрман Әлайдар.
Дереккөз: Ras.kz
Фото: Ras.kz.