• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Теннис: Қысқы Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

280 рет
көрсетілді

Бұл сында ерлер арасында Денис Евсеев чемпион атанса, әйелдер арасында бас жүлдені Екатерина Клюева жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Д.Евсеев финалда Тимур Хабибуллинмен кездесіп, оны 6:1 және 6:3 есебімен ұтты. Финалға дейін ол Илья Павленко, Қасымбек Ақжарқыновты жеңсе, ширек финалда Сағадат Аяпты, жартылай финалда Қайсар Бекімовті жеңді. Ал Е.Клюева болса, екі сағатқа созылған финалдық айқаста Александра Гринчишинадан 5:7, 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Ол да финалға дейін бірнеше қарсыласынан жақсы өнер көрсетті. Мысалы, чемпиоанттың алғашқы күні ол Ғайни Ыбрашеваны, екінші күні Дина Жәмиеваны жеңсе, ширек финалда Жібек Құламбаевадан, ал жартылай финалда Анастасия Епишевадан айласын асырды.

Ерлер арасында жұптық кездесуде Тимур Хабибуллин мен Дмитрий Попко чемпион атанды. Олар финалда Алексей Кедрюк пен Денис Евсеевті 6:2, 3:6, 11:9 есебімен ұтты. Әйелдер арасында жұптық сайыста Екатерина Клюева мен Александра Гринчишина бас жүлдені иеленді. Бұл жұп соңғы кездесуде Анастасия Епишева мен Екатерина Губанованы 7:5, 5:0 есебімен жеңді. Соңғы сет қарсыластарының кортқа шықпауына байланысты ойналмады.

Енді қысқы ел чемпионатынан кейін 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстан чемпионаты басталады. Ол 18 қаңтарға дейін жалғасады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.ktf.kz

Соңғы жаңалықтар