Оқыс оқиға бүгін, 4 тамызда сағат 10:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіні жөндеу кезінде екі адам лифт шахтасына құлаған. Оқиға орнында 40 жастағы адам мерт болды. Ал, екінші адам әр түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді»,деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.