• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2021

19 миллионыншы қазақстандыққа қомақты сыйақы берілді

480 рет
көрсетілді

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны атанған нәресте Жания Азаматқызының отбасына миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жанияның ата-анасын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келді. Олар отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтап, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан алғыс хат пен 1 000 000 теңге сертификатын, сондай-ақ балаларға сыйлық берді. 

Айта кетейік, 20 маусымда Алматының перинаталдық орталығында Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Нәресте - Алматы облысы Іле ауданы, Чапаево ауылында тұратын 1982 жылы туған Азамат Нұрғалиев пен 1986 жылы туған Назгүл Көбентаеваның төртінші перзенті.