• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Тамыз, 2021

8 мыңнан астам елордалық үй карантинін бұзған

170 рет
көрсетілді

«Ashyq» жобасына қатысушы нысандар үй карантинін бұзған 8 мыңнан астам келушіні анықтады. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 5 мыңға жуық келуші және «сары» статусы бар 3453 адам бар, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары үй карантинін бұзған «қызыл» статусы бар келушілерге қатысты хаттама жасады.

Егер карантиндегі науқас санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және өзгелерге қасақана жұқтыру қаупін тудырса, заңға сәйкес оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

«Қызыл» және «сары» статусы бар адам өзін-өзі оқшаулау тәртібін ерікті шара, оны қатаң сақтау міндет емес деп санайды. Осылайша өзгелерге қауіп тудыратынын түсінбей, емін-еркін серуендеп жүреді. Өйткені, вирус адам ағзасына түскеннен кейін біраз уақыт инкубациялық жағдайда болады, ал оны жұқтырған адам өзгелермен қарым-қатынас жасай отырып, инфекцияны тарататынын түсінбейді», деп атап өтті онлайн-брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Естеріңізге сала кетейік, науқастармен байланыста болған, алайда COVID-19-дың теріс ПТР-тест нәтижесі бар адамның «сары» статусы 14 күнге дейін сақталады.