Алматылықтар қалада егеуқұйрық көбейіп кеткеніне шағымданды. Куәгерлердің айтуынша, қаланың бірнеше бөлігінде кеміргіштер көбейіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кris.p.almaty.official Әлеуметтік желі авторлары Медеу ауданындағы Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Жетісу-1 ықшамауданындағы арықтарда егеуқұйрықтар жүргенін түсірген бірнеше видео жариялады. Басылым авторларының айтуынша, егеуқұйрықтар қаланың біраз жерінде жүр.
Кеміргіштермен күреске жауапты Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мердігер Amanat Cleaning ЖШС дератизация жұмыстарының бірінші бөлігін аяқтағанын хабарлады. Қала бойынша егеуқұйрықтарға қарсы өңдеудің екінші кезеңі қыркүйекте басталып, биыл 30 қарашаға дейін жалғасады.
Сонымен қатар, басқарма тұрғындардың егеуқұйрықты жоюға байланысты жеке өтініштерін Open Almaty порталында немесе басқарманың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында қарайды. Мұндай өтінімдер бойынша мобильді бригадалар тағайындалған.
Басқарма Жетісу-1 шағын ауданы мен Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы шағымдар туралы білетіндерін мәлімдеді. Мердігерлерге бұл аумақтарды 12 тамызға дейін қарау тапсырылды.