• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Тамыз, 2021

Танысының атынан 14 млн теңге несие алған күдікті ұсталды

211 рет
көрсетілді

Түркістан полицейлері алаяқтық жолмен тұрғынның атынан 14 миллион теңгеге несие рәсімдеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Оның айтуынша, алыс танысы банк қосымшасы арқылы өзіне ақша аударып аламын деп алдап, 14 миллион теңгеге атынан несие рәсімдеген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеді. Осындай жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ адамды ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында, ақпарат көздері арқылы 2 тәулік ішінде күдікті ұсталды.

Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, полицияға жеткізді.

Полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынның ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жібергенін анықтады.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді.

Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.