• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 06 Тамыз, 2021

Токио-2020: Қазақстандық каратеші алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

202 рет
көрсетілді

Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов Токио қаласындағы Олимпиада ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Топтық кезеңде Нұрқанаттың бірінші қарсыласы Аустрия спортшысы Цунэари Яхиро болған.

Жекпе-жек 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Н.Әжіқанов неміс спортшысы Ноа Битшпен күш сынасады.

Іріктеу кезеңінде барлық қатысушылар екі топқа бөлінген. Жартылай финалға әрбір пулдан төрт жекпе-жектен кейін ең көп ұпай санын жинаған екі спортшы шығады.