Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу турнирі өтті. Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын қорғаған Алина Әділханова көпсайыс қорытындысы бойынша 83.800 ұпай жинап, 21-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әзірге бірінші және екінші орынды ресейліктер Дина мен Арина Авериналар өзара бөліскен. Үшінші орында израильдік Ашрам Линов орналасқан.
Финалдық кезеңге алғашқы ондыққа енген спортшылар жолдама алады.
Еске салайық, 10 маусымда көркем гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында қазақстандық Алина Әділханов чемпион атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.