• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Тамыз, 2021

Түркияда 208 орман өртінің басым бөлігі ауыздықталды

164 рет
көрсетілді

28 шілде мен 6 тамыз аралығында Түркияда 208 орман өрті шықты. Бүгінгі таңда соның 196-сы ауыздықталды, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«09.45 жағдай бойынша, мемлекеттің барлық мүмкіндігін жұмылдыру нәтижесінде 28 шілде мен 6 тамыз аралығында болған 208 өрттің 196-сы бақылауға алынды», деп жазылған Түркияның орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter парақшасында.

Елдің ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің айтуынша, табиғи апатпен күресуге 16 ұшақ, 56 тікұшақ, 850 суару көлігі және автоцистерна тартылған.