Қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Юлдашев алғашқы жекпе-жегінде германиялық Йонатан Хорнемен тең түсті - 4:4. Бірақ кейін жапон Рютаро Арагаға 2:4 есебімен жол берді.
Үшінші кездесуінде түркиялық Угур Акташпен күш сынасып, 3:11 есебімен жеңіліп қалды.Ал топтық кезеңнің соңғы жекпе-жегінде Юлдашев грузиялық Гогита Арканияға 1:3 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Данияр Юлдашев Олимпиаданың топтық кезеңіне шыға алмай, жүлде алатын мүмкіндіктен айырылды.