• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2021

Вакцинация паспорттарын сату туралы 70 хабарландыру анықталды

367 рет
көрсетілді

ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жалған вакцинация паспорттарын сату фактілері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ПТР-анықтамалары мен жалған вакцинация паспорттарын жасаған 28 адам әшкереленді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 жарнамалық хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды», деп хабарлады Нұрділдә Ораз ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, аталған санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптасып заңды күшіне енген сот актілері бар. Қазіргі таңда төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

«43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істерді тергеу бақылауға алынды. ІІМ тағы да азаматтарды өздерін қылмыстық процеске тартуға жол бермеуге және өз туыстары мен жақындарын қорғауға шақырады», деп түйіндеді ІІМ өкілі.