• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

Табыс толыға түспек

320 рет
көрсетілді

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне де биік міндеттер қойылғаны белгілі. Ет экспортын жолға қою, ауыл шаруашылығында өңдеуші кәсіпорындарды іске қосып, тұрғындарды ұн, басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету басты назарда болу керектігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Біз бұл бағытта біршама табыстарға жеттік деп айта аламыз.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне де биік міндеттер қойылғаны белгілі. Ет экспортын жолға қою, ауыл шаруашылығында өңдеуші кәсіпорындарды іске қосып, тұрғындарды ұн, басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету басты назарда болу керектігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Біз бұл бағытта біршама табыстарға жеттік деп айта аламыз.

«Икеп» шаруа қожалығының құрылғанына 10 жыл толды. Зайсан ауданындағы менің інім Болат Нұрасыл басқаратын құрылыс компаниясының жұмыс істей бастағанына 45 жылдан асты. «Зайсан құрылыс» компаниясы деп аталатын бұл мекеме бізде ғана емес, көрші аудандарда да құрылыс салуда. Күршімде, Тарбағатайда бірнеше құрылыс ғимараттарын салып берді. Қазір аудан орталығында 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салып жатыр. Қалжыр өзенінде жаңа көпірді, Қаройда да көпірді сапалы етіп салып берді. Компанияда бүгінгі күні 300-ге тарта адам еңбек етеді. Ал осыншама адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету, артық болып жатса аудан тұрғындарына сату біздің міндетіміз. Әрине, ол үшін ізденіс пен ілкімділік қажет екені мәлім.

Қожалықта 400 ірі қара,130 жылқы, бір табын қой бар. 270 сиырдың сүтін аудандағы сүт зауыты сатып алуда. Биыл 1070 гектарға егін егіп, гектарынан 17 центнерден өнім алдық. Кеспе цехы, наубайханамыз бар. Ет, сүт, кеспені өз жұмысшыларымызға арзан бағамен босатамыз. Осыдан бірер жыл бұрын тәулігіне 120 тонна ұн тартатын зауытты пайдалануға бергеміз. Оның игілігін төрт аудан жұртшылығы көріп отыр. Зауытқа іскер маман Нұртас Байғожанов жетекшілік етеді. 300 тонна бидайды келесі жылға тұқым қорына сақтап қойдық. Біз қайырымдылық шараларына да қатысып, тұрмысы нашар отбасыларына қолғабыс жасап отырамыз.

Ел тәуелсіздігінің 22 жылдығы қарсаңында қожалықта еңбек ететін озаттарға құрмет көрсет­тік, озаттарды марапаттадық. Ұзақ жылдар еңбек еткен азаматтардың есімі құрмет кітабына жазылды.

 Тәуелсіздік – тәтті ұғым. Ендеше, алдағы уақытта да егемен елдің босағасы берік болып, халықтар достығы нығая берсе, Қазақстанның әлемдегі озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуына кәміл сенеміз. Соған лайықты үлес қоса береміз.

Өмірбек НҰРАСЫЛОВ,

«Икеп» шаруа қожалығының төрағасы.

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы.

Соңғы жаңалықтар