Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, сағат 12:30-да зират маңындағы индустриалды аймақта 1,5 гектар аумақта ағаш өртенді. Өрт 14:28 де оқшауланып, 15:11-де сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы тұрғындарынан от жағуды, темекі шегуді, құрғақ шөп пен сабанды жағуды тоқтатуды сұрайды. Өрт сөндірушілер қазір қалада өрт қаупі жоғары екенін атап өтті.