Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық спортшылар арасында Елена Рыбакина бір қатарға жоғары көтеріліп, 19-орынға жайғасты.
Юлия Путинцева мен Зарина Дияс бір саты төмендеді. Үздік үштік: Эшли Барти (Австралия), Наоми Осака (Жапония) және Арина Соболенко (Беларусь).