Мыңға жуық қазақстандық мас күйінде рөлге отырғаны үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Түсіповтың айтуынша, 10 мың азамат алкогольдік және есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамауға алынған.
12 мың адам көлік басқару құқығынан уақытша айырылды.
Ал мас күйінде көлік жүргізген мыңға жуық Қазақстан азаматы жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды.