• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

Құтқарушылар басшысы парамен ұсталды

221 рет
көрсетілді

Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы күрес департаментінің баспасөз қызметі Төтенше жағ­дайлар министрлігінің батыс өңірлік аэромобильді жедел құт­қару жасағы басшысының ұстал­ғаны туралы хабарлама тарат­ты.

Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы күрес департаментінің баспасөз қызметі Төтенше жағ­дайлар министрлігінің батыс өңірлік аэромобильді жедел құт­қару жасағы басшысының ұстал­ғаны туралы хабарлама тарат­ты. Баспасөз хабарламасында айтылғандай, «ҚР ТЖМ батыс өңірлік аэромобильді жедел құт­қару жасағы» ММ басшысы А.Ербозов 2013 жылғы 26 және 27 желтоқсанда қызметте қолдау­шы­лық көрсету үшін өзінің екі қыз­меткерінің әрқайсысынан 30 000 теңгеден пара алды деген күдік­пен биылғы 10 қаңтарда ұсталған.

Қос қызметкерінен қаржы дәметкен басшыға қатысты пара алу дерегі бойынша (ҚР ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігі және 4-бөлігі «г» тармағымен) қыл­мыс­тық іс қозғалды.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар