Қазақстандық теннисші Зарина Диас Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралияның ашық чемпионатында қатарынан төртінші жеңісіне жетті.
Ол чех Катержина Синяковадан екі сетте 6:2 және 6:4 есебімен басым түсті. Бұған дейін іріктеу кезеңінде 20 жасар қазақ қызы серб Александра Крунич, румын Кристина Андреа Миту мен канадалық Стефани Дюбуамен кездесіп, олардың бәрін де екі сетте жеңген еді. Енді ол румын Сорана Кирстя мен жаңазеландиялық Мариан Эраковичтің арасында өтетін матчтың жеңімпазымен кездеседі.