• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

Прокурорлар – көптің қамқоры

254 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы прокуратура органдарының қызметкерлері өз міндеттерін ойдағыдай атқарып келеді. «Сыр Медиа» ЖШС сараптамашы-талдаушылары жүргізген сауалдама қорытындысында рес­пон­денттердің түгелге жуығы осын­дай баға берген.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-тал­дау орталығы жүргізген сауалдама қорытындысы респонденттердің 89 пайызы «прокуратура қыз­мет­керлері өз міндеттерін ойдағыдай атқарады» деген жауаптың тұсына белгі соққанын көрсетті. Соның ішіңде «иә» деген тұжырымды жауап берушілердің 58 пайызы атап өтсе, 31 пайызы «жоқ» дегеннен гөрі «иә» дегенге тоқталған.

Сауалдамаға қатысушылар ара­сындағы  кәсіпорындар мен ұйым­дар басшыларының – 96, ауыл ша­руа­шылығы құрылымдары тізгінін ұстағандардың – 96,  ғылым, білім және мәдениет саласы же­тек­шілерінің – 95, кәсіпкерлер мен сауда қызметкерлерінің 94 пайы­зы облыстық прокуратура қыз­метіне оң баға берген. Сол сияқты, мемлекеттік басқару органдары басшыларының – 93, жоғары, орта арнаулы оқу орындары сту­ден­ттері мен оқушыларының 92, зейнеткерлердің 92 пайызы осындай пікірді ұстанған.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар