«Орталығы Алтай өлкесінің үстіндегі циклон республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа-райын тудырады, онымен күн күркіреп жаңбыр жауады, солтүстік-шығыс пен шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі», делінген хабарламада.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23 м/с жетеді, түнде және таңертең Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, кей жерлерде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, күндіз Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.