• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

Бас-басына басқарма үлестіріліп еді...

336 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың сессиясында балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма облыстық білім беру басқармасымен; қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; кәсіпкерлік және сауда; туризм, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бөлімдерінің бірігетіні, құрылыс басқармасы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қосылатыны хабарланды.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың сессиясында балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма облыстық білім беру басқармасымен; қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; кәсіпкерлік және сауда; туризм, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бөлімдерінің бірігетіні, құрылыс басқармасы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қосылатыны хабарланды.

Сессия отырысында хабар­ланған мұндай қадам жалпы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын басқармалар үшін жасалып отырғаны түсі­нікті. Әйтпесе, бұған дейін об­­лыстық әкімдік жұ­мыс көрін­­бейтін, аты дардай бас­қар­малар ашып, әркімге бір үлес­тірумен келді. Қолда тұрған­да қо­нышынан басқандар үнем­­­­шілдікті, ысырапшылдыққа жол бермеуді, талап пен тәртіпті ұмытқандай. Бұдан халыққа келген бес тиын да пайда жоқ.

Енді басталған оңтайландыру жүйесі облыстағы алда атқа­­ры­лар жұмыстар үшін тиімді жол. Мысалы, облысқа дәл осы қазіргі уақытта туризм бас­қармасы қажет пе еді?.. Біз әуелі әлеуметтік салаларды – ауыл­дардағы жол, ауызсу, денсаулық сақтау, мәдениет саласы, мектеп, балабақшаларды толық жөнге келтіріп, халықтың көңілінен шығып алайық та. Ауылға тұрғын үйлер салайық. Жастар ауылға барсын. Лебяжі ауданында дәрігерлер түгелдей зейнет жасына жетіп қалыпты. Ал, туризм басқармасы, тіпті, ашылғанына бір ай уақыт болмай жатып-ақ, қыруар қаражат жұмсап халықаралық форум ба, көрме ме өткізіп те үлгер­ді. Мұрағатшы-құжаттамашы­лар да бір бас­қарманың тізгінін ұс­тап отыр еді, енді мәдениет бас­­қармасына қосылып оңтай­ланды. Бұған дейін мұра­ғат­шы-құжаттамашылар өз бас­қар­маларындағы мұрағат-құ­жаттамаларға байланысты туындаған біраз мәселелерді Мәдениет және ақпарат министр­лігіне жеткізе алмай жүріп еді, енді іздегенге сұраған. Ал, облыстағы жолдар жергілікті халықтың уайымына айналды. Жолсапарларға баратын тілшілер – біздердің де бас­ты қорқынышымыз жолдың жоқтығы. Лебяжі ауданының ауылдарының тұсымен өтетін халықаралық Омбы – Май­қап­шағай бағытының екі көлік сыймайтын тап-тар жолынан күндіз өтіп алмасаң, түнде жүру аса қауіпті. Жуырда ғана осы жол бойында бір отбасы түгелімен қаза болды. Ауылдарға жолға шықпай тұрып әуелі Тегістікке жете аламыз ба, Алғабастың тұсындағы республикалық жолға қарасты айналма жөнделді ме өзі, Мыңкөлдің жолы шұңқырдан арылды ма деп сұрап жатамыз. Ендігі бар үміт құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары атты біріккен басқармада. Қоршаған ортаны қорғау мен жер қойнауын пайдалануды реттейтін бас­қармаға Баянауылдың ауылдары отырған Майкөбе, Тал­ды­көл, Сарыкөл, Керегетас ке­ніш­­­теріне, Майқайыңға барып қайт­са жұмыс жетеді. Сол жер­лер­дегі ауылдар сусыз, жолсыз, кеніштердің көк түтіндерінің ортасында күл ортасында қалды. Қоршаған ортаны қорғаймыз деп жар салғанда сондаймыз. Сондықтан, облысқа жаңадан келген әкім Қанат Бозымбаевтың бастамасымен саны бар, сапасы жоқ басқармаларды біріктіру туралы оңтайландыру жүйесі қолға алынды. Енді, басқарма басшыларды қысқарту есебінен нақты жұмыс атқаратын мамандар саны артады. Бұл 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің әкімшілік шығындарын 53 миллион теңгеге азайтатын көрінеді. Ал біріктірілген басқармаларда басшыларға төленетін жалақы бойынша қазынаның 16 миллион теңгесі, қызмет көліктерін пайдалану жағынан 36 миллион теңге үнемделмек. Шенеуніктер жүретін көліктердің саны шамамен 30 пайызға дейін азаяды. Облыс әкімінің аппаратында 70 адам болса, оларға жүзге жуық адам қызмет көрсетіп келіпті.

Сондай-ақ, 14 бюджет­тік бағдарлама да оңтай­лан­ды­­­рылады. Жекелеген мынадай әлеуметтік мәселелердің ба­сым­дылығы мен бірінші кезек­ті­лік сипаты ескеріле отырып, басымдылығы жоқ біраз шы­ғындар қысқартылды. Айт­пақ­­шы, облыста екі облыстық және «Регион» деп аталатын об­лыс­тық жастар газеттерінің ре­дакциялық ұжымдарын қара­уы­на алған «Аналитикалық ақ­па­рат орталық» ЖШС бар. Ал «Ертіс-Медиа Холдингі» АҚ атал­мақшы екінші бір орталық аудан­дық газеттерді қосып, акцио­нерлік қоғам жаса­мақшы көрі­неді. Негізінде, талдамалық-ақпа­рат­тық бөлім, жалпы, аудан­дық газеттермен байланыс облыстық ішкі саясат бас­қармасының жұмысы саналатыны белгілі.

Енді бас-басына орталық, басқарма, холдинг, акционерлік қоғам құрғандар да облыс­та жүргізіліп жатқан Қанат Бозымбаев қолға алған оңтай­ландыру жүйесінен тыс қалмас деп ойлаймыз.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар