• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

«Балапанның» қанаты қатайып келеді

354 рет
көрсетілді

Бұдан бірнеше жыл бұрын Елбасының тікелей тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасы қолға алынған болатын. Өз атауынан көрініп тұрғанындай, аталған бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдар қызметін халықаралық стандарттарға сай қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда Орал өңірінде балалар бақшалары мен мектеп-балабақша кешендері және шағын орталықтар жүйелі, іркіліссіз әрі сатылы түрде қызмет атқарып келеді. Оның саны жыл өткен сайын толыға түсуде. Мұнда бүл­­діршіндерге тәрбие беру мен оқы­тудың алғашқы негіздері жа­ңа технологияларға арқа сүйейді.

Бұдан бірнеше жыл бұрын Елбасының тікелей тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасы қолға алынған болатын. Өз атауынан көрініп тұрғанындай, аталған бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдар қызметін халықаралық стандарттарға сай қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда Орал өңірінде балалар бақшалары мен мектеп-балабақша кешендері және шағын орталықтар жүйелі, іркіліссіз әрі сатылы түрде қызмет атқарып келеді. Оның саны жыл өткен сайын толыға түсуде. Мұнда бүл­­діршіндерге тәрбие беру мен оқы­тудың алғашқы негіздері жа­ңа технологияларға арқа сүйейді.

Өкінішке қарай, жоғарыда аталған мектепке дейінгі ұйым­дарға бару мүмкіндігі жоқ бал­дырғандар да баршылық. Ал мұндай жарық дүниеге кемтар күйінде келген «балапандар» шетқақпай қалуға тиісті емес. Егер бұлай болатын болса мұндай көрініс біздің қазақстандық қоғамның ізгілігі мен парасаттылығына едәуір көлеңкесін түсірер еді.

Сондықтан да елімізде мүм­кіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтары, психо­логиялық-педагогикалық түзету және инклюзивті білім беру кабинеттері ашылған. Бұған Ақжайық аймағынан да жарқын мысалдар келтіре кетуге болады. Аталған топқа кіретін үш жүзге жуық баланың әрқайсына айрықша назар аударылып, мұндағы мектепке дейінгі тәрбие ісі нәтижелі болуы үшін шетелдік тәжірибеге де ден қойылған.

– «Балапанның» ішкі астары мен иірімдері мейлінше терең. Әр бала өзінше бір уникум, өзінше бір құбылыс. Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында қызмет атқаратындар, міне, дәл осындай әр баланың даралығын дамытуға көңіл аудармаса көп нәрседен ұтылады. Бұл үшін оларға Монтессори технологиясы көмекке келе алады. Сондықтан да біз өңірдің бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарында осы технологияны енгіздік, – деп мәлімдеді газет тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Бұл қандай технология? Яғни білім беру ведомство­сы бас­шысының сөзінен ұққа­ны­мыз, әртүрлі мөлшердегі стакан-құтыларды, музыкалық ойыншықтарды, түрлі-түсті кітапшалар мен ұстап көруге болатын әр алуан материал­дар­ды қолдану арқылы «бала­пан­дардың» бойында сенсорлық сезімталдықты дамытуға болады екен.

Соңғы кездері облыста Тіл­дер туралы Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының заңына сәйкес мем­лекеттік тілде, ал ұлттық топ­тардың ықшам орналасқан нүк­­те­лерінде олардың өз тілін­де жұмыс істейтін мектепке дейін­гі ұйымдар құрылуда. Бір сүйсі­нерлік мәселе, жыл өт­кен са­йын мемлекеттік тіл мәрте­бесі­нің артып, өсіп келе жатқаны қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалар мен орталықтарда өзге ұлт өкілдері балалары санының өсуіне ықпал еткені айқын байқалады. Әрі олардың саны ондап емес, жүздеп саналады. Нақтырақ айтсақ, қазір­гі таңда 1049 орыс және 331 басқа ұлттардың балалары Орал өңірінде қазақ тілінде тәр­бие беретін мектепке дейінгі ұйым­дарда тәрбие алуда.

Сондай-ақ, облыстағы атал­ған ұйымдарда көптілділікті үйрету жұмыстары да жан-жақты ойластырылған. Бұл іс ата-аналардың қалауымен әрі келісімімен іске асып келеді. Атап айтқанда, бүгінде аймақтағы мектепке дейінгі 157 ұйымда 11 мыңнан астам бүлдіршін ағыл­шын тілін үйренуде. Әрине, осы­ның бәрі жаңа техно­ло­гия­лардың көмегімен іске асып отыр. Өз кезегінде бұл жаңа үл­гі­­дегі сенсорлық инте­рак­тив­ті тақ­талар, компью­тер, проек­тор, экран­дармен жаб­дық­талған муль­тимедиалық кабинет­тер деген сөз. Сонымен бірге, тәжі­рибеде баланы жан-жақты дамы­тудың бір тәсілі ретінде компью­терлік ойындар да кеңінен қолданылуда.

 Бала тәрбиесі мектепке дейінгі ұйымдар мен ата-аналар бірлесіп қызмет жасағанда ғана ойдағыдай нәтиже бермек. Бұл үшін облыстағы балабақшалар мен шағын орталықтар жанында ата-аналарға арналған кеңес беру қосындары ашылған. Мұндай көрініс отбасылық құндылықтардың артуына алғы­шарт қаламақ.

 Иә, бүгінде «Балапанның» қанаты қатайып келеді.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

Суретте: мектепке дейінгі ұйымнан көрініс.

 

Соңғы жаңалықтар