Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы 3-курс студенттеріне арналып «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік басқармаларында өткізілген тәжірибе аяқталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы 3-курс студенттеріне арналып «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік басқармаларында өткізілген тәжірибе аяқталды.Олар бір ай ішінде теориялық, методикалық білімдерін іс жүзінде пысықтады. Шекара заставалары мен жекелеген өткізу-бақылау бекеттерінде 150-ден астам курсанттар командирлік-ұйымдастырушылық қызметтің қыр-сырына қанықты, жеке құраммен, қалай жұмыс істеп қызметтік құжаттарды қалай пайдалану керектігімен танысты. Енді ақпан айынан бастап аталған академияның 4-курсының 250-ге жуық курсанттары аталған іс-тәжірибеге аттанады. Олар «Шығыс», «Жағалау күзеті» және «Оңтүстік» өңірлік басқармаларында дайындықтан өтеді, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.