• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Моңғолия арнайы әуе рейсін шығарады

300 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Моңғолия арасында еліне оралғысы келетін азаматтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Моңғолиядағы Елшілігі мен «HunnuAir» авиакомпаниясы 14 тамызда Улан-Батор - Нұр-Сұлтан - Улан-Батор және 19 тамызда Улан-Батор - Алматы - Ұлан-батор бағытында арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Жоғарыда айтылған арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын қабылдауға дайын.

Сонымен қатар, ведомство Қазақстанға миграциялық заңнаманы бұзып келген Моңғолия азаматтарының осы рейстермен өз отанына оралуға болатынын түсіндірді.

«Бұл үшін оларға Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына Қарасай батыр көшесі, 109а мекенжайы бойынша хабарласу қажет», деп хабарлады Полиция департаментінен.