Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Эйр Астана» Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын Бейжіңнен тікелей тасымалдады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты СК-Фармация тапсырыс берген екі рейспен бір миллион доза вакцина жеткізілді»,деп хабарлады авиакомпания.
Вакцинаның бірінші партиясы бүгін сағат 12:30 -да Алматы әуежайына жеткізілді. Екінші рейс 11 тамызда сағат 13:20-ға жоспарланған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы салмағы 20 тонналық медициналық жүк 72 сағатқа дейін тасымалдауға мүмкіндік беретін температуралық режимді сақтай отырып, термиялық контейнерлерде жеткізілді.
VeroCell - инактивтелген вакцина. Ол бірнеше елде сынақтан өткізілді. Клиникалық сынақтардың 3-кезеңі вакцинаның 21 күн аралықпен берілген екі дозасы 79% тиімді екенін көрсетті.