ҚР Бас санитарының қаулысына сәйкес, 10 тамызда халыққа қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлерді міндетті вакциналау мерзімі аяқталады. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті тексеріс қашан басталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Тексеріс вакцинаның екінші компонентін алу туралы талап аяқталған соң, нақты айтқанда 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіледі.
«Вакцинация паспорты немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы анықтама; соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы немесе COVID-19 жұқтырып, емделгені туралы анықтама; вакцина алмаған жұмыскерлер үшін жеті күн ішінде алынған ПТР-тест нәтижесі тексеріледі», деді СЭҚД басшысының орынбасары Садуақас Байғабұлов.
Вакцина алмағандар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл төлейді.