Құтқарушылар жабық жертөледе қалған қызды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 тамызда Куленова кентіндегі Халықтар Достығы көшесінде ойнап жүрген кішкентай қыз жертөледе қамалып қалған. ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел түрде шықты. Кәсіби мамандар құрал-саймандардың көмегімен торды бөлшектеп, жертөленің терезе саңылауы арқылы бөлмеге кіріп, есікті ішінен ашты.
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Үйлер мен пәтерлерде есіктің қажетсіз сәтте жабылуына жол бермейтін құлыптар орнатыңыз. Балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз. Балаларыңызға мұқият болыңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз», деп ескертті ШҚО ТЖД.