Қазгидромет Қазақстанның бес облысында ауа райы болжамына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz
11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қаласында күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.