• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Руханият 10 Тамыз, 2021

«Абай мерейтойы» кітабының тұсауы кесілді

372 рет
көрсетілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты онлайн дәріс-концертінің аясында «Абай мерейтойы» атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кітапқа Абайдың 175 жылдық мерейтойы кезінде атқарылған маңызды оқиғалар енген.

Атап айтқанда, ABAI TV телеарнасының ашылуы, ақын өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми конференциялар мен симпозиумдар, мерейтойлық монеталар мен маркалар, шетелдегі Абай ескерткіштері, саябақтар, көшелер мен мәдени-ақпараттық орталықтардың ашылуы сынды жазбалар жиналған.