«Циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республиканың солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы ауа райына әсерін әлі де сақтауда. Осыған байланысты солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда найзағай мен бұршақ, кей жерлерде тұман түседі. Еліміздің қалған өңірлерінде айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыс аудандарда қатты ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болып, 15-20 м/с шамасында жел соғады. Жамбыл облысында шаңды дауыл болады.
Күндіз Қызылорда, Батыс Казақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.