• RUB:
    5.4
  • USD:
    475.39
  • EUR:
    513.37
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Тамыз, 2021

20 тамызда Байқоңырдан спутник ұшырылады

360 рет
көрсетілді

Байқоңыр ғарыш айлағында British One Web спутниктерінің кезекті партиясын ұшыруға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«OneWeb спутнигін құрастыру аяқталды», деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 2021 жылдың 30 шілдесінде Байқоңырға OneWeb спутниктерінің жаңа партиясы жеткізілді.

OneWeb 34 ғарыш кемесін ұшыру 2021 жылдың 20 тамызына жоспарланған. Ол Байқоңыр ғарыш айлағының 31- алаңындағы «Восток» кешенінен ұшырылады.