• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Тамыз, 2021

Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермей жатқан министрліктерді атады

184 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджетте 8,6 трлн теңге шығын шыққан. 17 млрд теңге атқарылмаған, 5 млрд теңге үнемделген және 12 млрд теңге игерілмеген.

«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Қаржы, Төтенше жағдайлар мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну; төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу; орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; сот талқылауларының болуы»,  деді министр.