• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Тамыз, 2021

Қарағандылық судья тоғыз жылға сотталды

527 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Ғабдуллин алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан ақпараттық порталы мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәлімдеуінше, үкімді 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты шығарды.

Күдікті «Оливия» ұйымының заңгері Кантер-Скрипкинаны судьяларға 8 миллион теңге пара беруге арандатты деп айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, бұл үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьялары кәсіпорынның талап-арызын қанағаттандыруға тиіс болған.

«Оливия» ЖШС заңгері Кантер-Скрипкина пара бермек болғаны үшін үш жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.