• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 70-тен астам бала ауруханада жатыр

146 рет
көрсетілді

Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады, деп жазады  Egemen.kz.

«Қазір коронавирус балаларға да жұғып жатыр. Бүгінгі таңда вирус жұқтырған 74 бала ауруханада жатыр, жетеуінің жағдайы салыстырмалы түрде ауыр. Жансақтау бөлімінде балалар жоқ. Соңғы тәулікте 12 бала ауруханаға жатқызылды. Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған балалар саны 10 мыңнан асады», деді Мұратов.