• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2021

Алматыда көлік салығын «Сергек» камерасы арқылы анықтауда

287 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың салық бойынша қарызын өндіріп алу үшін мегаполис көшелерінде полиция қызметкерлері және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бірлескен іс-шараны өткізу барысында «Сергек» камерасымен «Chevrolet Tahoe» маркалы автокөлік тіркелді, оның қарызының сомасы 1,1 млн тенге. «Аталған көлік ұсталып, айыппұл тұрағына жеткізілді. Рейд жыл соңына дейін жалғасатын болады», деп атап өтті полициядан.

Жалпы Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы - 4,2 млрд теңге. Өз кезегінде сот орындаушылары банктік шоттарға тыйым салу, мүлікті иеліктен шығару, сондай-ақ елден тыс жерлерге көшу құқығын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұдан басқа, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақылар, сондай-ақ білім беру депозиттерін алу үшін қажетті шоттардан басқа шоттар аша алмайды. Сондай-ақ жеке тұлғаларға меншік салықтары бойынша өздерінің салық міндеттемелерін өтемеген жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде өсімпұл есептеледі.

Жеке тұлғаларға көлік салығын төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, яғни 2020 жыл үшін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі тиіс.

Салықтарды E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы арқылы, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.