• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

«Медеу» мұз айдыны Гиннестің рекордтар кітабына енеді

390 рет
көрсетілді

«Универсиада-2017 Алматы» Атқарушы дирекциясы» мемлекеттік қоры Гиннестің рекордтар кітабына енетін іс-шараны өткізетіні жөнінде мәлімдеді.

Сенбі, 18 қаңтар күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы «Медеу» спорт кешенінде коньки тебуді үйренуге ниет білдірген 500 жас жеткіншек бірігіп мұзға шығады. Мұндай шара әлемде алғашы рет өткізілгелі тұр.

Аталмыш іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды белсенділікті арттыратын демалыс түрлеріне тарту болып табылады. Оны өткізген соң «Медеу» мұз айдыны әлемдегі ең үлкен сұранысқа ие кітаптардың бірі – Гиннестің рекордтар кітабына еніп, тарихта қалады деп күтілуде.

Айдар Өрісбаев.

Фото: Bankoboev.ru

Соңғы жаңалықтар