• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Тамыз, 2021

Үндістанның елшісі алматылықтармен кездесті

516 рет
көрсетілді

Алматы журналистерімен кездескен Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати  сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтағы өңіраралық байланысты кеңейту, сондай-ақ АТ және инвестиция тарту саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері туралы ойымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Елші ханым  еліміздің біраз аймақтарына іс-сапарға барып, іскерлік кездесулер өткізгенін тілге тиек етіп өтті.  «Менің байқағаным, біздің ортақ тоғысқан қырларымыз көп, дегенмен, тікелей қатынас әлі де мәселе тудырады! Үндістан 1992 жылғы ақпанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатып, Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. Үндістан Елшілігі Алматы қаласында 1992 жылдың мамыр айында, Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігі 1993 жылы ашылды. Біздің елдеріміз өздерінің екіжақты қатынастарын нығайтып, оларды 2009 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға Республика күнін тойлауға құрметті қонақ ретіндегі сапары кезінде стратегиялық әріптестікке айналдырды» » деп атап өтті Елші ханым.

Сондай-ақ Үндістаның қазіргідей пандемия кезінде әлемнің 150  еліне көмек көрсеткені елші ханымның назарынан тыс қалмады.  

«Мен, екіжақты қатынастар тұрғысынан, стратегиялық әріптестерінің екеуі де, Үндістан да және Қазақстан да, өздерінің тиісті қасиеттерін толыққанды көрсеткенін қуана мәлімдеймін. 2019 жылғы маусымда Арыс қаласындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстардан кейін Үндістан Қазақстанға қалпына келтіру операцияларына көмектесу және құрбандар санын одан әрі азайту үшін бомбаларды залалсыздандыру бойынша күшейтілген костюмдер берді. Қазіргі COVID-19 пандемиясының өршуі кезінде Үндістан үкіметі гидроксихлорохин дәрі-дәрмегін Қазақстанға COVID-19-бен күресте гуманитарлық көмек ретінде жіберді. Сол сияқты, биыл біз тап болған дағдарыс кезінде Қазақстан Үндістандағы пандемиямен күресу үшін арнайы рейспен медициналық жабдықтар жеткізді, сол үшін біз Қазақстан халқына ризашылығымызды білдіреміз. Осындай терең түсіністікпен және бір-бірімізге деген өзара сыйластықпен біздің екіжақты қатынастарымыз үшін зор әлеует бар екенін көріп отырмын», деп атап өтті Елші ханым.