• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2021

Ресейде тікұшақ құлады

403 рет
көрсетілді

Ресейдегі Камчатка аймағында бортында 13 турист пен 3 экипаж мүшесі бар Ми-8 тікұшағы құлады, деп жазады Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«12 тамыз күні, Мәскеу уақытымен сағат 00.50-де Кроноцкое қорығының Курильск көлі аумағында «Витязь-Аэро» компаниясының Ми-8 тікұшағы жерге қатты қонғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, бортта 13 турист пен 4 экипаж мүшесі бар. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының тікұшағы мен Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы аттанды», деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі Камчатка бойынша Мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметі.

Тікұшақтан зардап шеккендерге көмектесу үшін Камчатск өлкесіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарына 45 адам мен 8 техника жұмылдырылды.