• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі

315 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

Құрметті отандастар!

Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегия­сында айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түседі. Біз Жолдау тақырыбы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінің саяси бірізділігін көреміз.

Бұл заңдылық және Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және өркендеген Қазақстанды қалыптастыру, қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерін пайдалана отырып, берекелі қоғам құру жолындағы саяси бағытының бірізділігімен негізделеді.

Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылық­тарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды.

Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.

Жолдауда Президент Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жос­пары жөнінде айтты.

Осы мақсатта Мемлекет басшысы ІЖӨ-ні 4,5 есеге, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларынан 60 мыңға дейін көбейтуді тапсырды. Сол кезде Қазақстан орта таптың үлесі көп елге айналады.

Ол үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұжымының стандарттарын енгізуді қолға алып, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсуін 4%-дан кем емес пайызға, инвестициялар көлемін жалпы ІЖӨ көлеміне шаққанда 18%-дан 30 %-ға дейін өсіруді қамтамасыз ету керек. 2050 жылы шикізаттық емес экспорт Қазақстан экспортының жалпы құрылымында 70%-ға жетуі керек.

Ассамблея ауыл шаруашылығы, гео­барлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық бастамаларды ерекше атап өтеді.

Ассамблея ғылым бағытын қаржылан­дыруды 3%-дан кем емес деңгейге өсіру, мәдени саясатты дамыту мәселелерінің көтерілгенін қолдайды.

Басқа елдерде экономикалық дағдарыс­тың салдарынан әлеуметтік көрсеткіштердің төмендеп бара жатқан кезеңінде Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа кезеңі болып отыр.

Біз бұл міндеттердің нақты іске асырылатынына сенеміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының бұдан бұрын берген барлық тапсырмаларының Қазақстан халқы тарапынан толыққанды орындалғанын айта отырып, осының барлығы еліміздің жарасымды бірлігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдесі жоқ қоғамдық келісім моделі арқасында жеткен жетістік деп бағалайды.

Президенттің бүгінгі қойып отырған міндеттері елімізде жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық даму, әлеуметтік реформалар, білім мен мәдениетті қолдау жұмыстарының тиімділігін айқындайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің әр азаматына және баршамызға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын толығымен қолдайды.

Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру еліміздің дамуындағы биік жеңістерге жеткізетініне біз сенімдіміз.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық парызы мен борышы деп білеміз.

Біз Қазақстан халқын Елбасы алдымызға қойған ұлы міндеттерді іске асыру, қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам құру мақсаттары айналасында ұйысуға, жұдырықтай жұмылуға шақырамыз!

Қазақстан халқы Ассамблеясы.

 

Соңғы жаңалықтар