• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идея

470 рет
көрсетілді

1. ПАТРИОТИЗМ. Қазақстандық қоғамның шешуші құндылықтарын бекітетін жаңа құжат – «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі әзірленіп, қабылданатын болады.

2. ИННОВАЦИЯЛАРДА. Экономиканың жаңа салаларын, бірінші кезекте – мобильді және мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, роботты техника, гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу және ашу әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижелеріне айналмақ.

3. ГЕОЛОГИЯДА. Қазақстан геологиялық барлау саласында әлемдік рынокқа енуі тиіс. Бұл салаға тиісті заңнаманы қарапайымдандырғаннан кейін шетелдік инжинирингтік компаниялардың инвестициялары тартылады.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА. Аграрлық ғылымның, оның ішінде гендік жаңғыртылған дақылдар әзірлеудің арқасында Қазақстан өңірлік ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың біріне айналады.

5. ҒЫЛЫМДА. Шетелдік инвестициялар бүтіндей біздің елімізге білімдер мен жаңа технологияларды трансферттеу үшін пайдаланылатын болады. Шетелдік компаниялармен бірге жобалау және инжинирингтік орталықтар құрылып, технопарктерде ең ірі қазақстандық компаниялардың қосымша өндірістері орналасатын болады.

6. АУМАҚТЫҚ ДАМУДА. Ең ірі қалалар Астана мен Алматы, одан әрі Шымкент пен Ақтөбе алғашқы қазіргі заманғы урбанистік орталықтарға айналады. Олар сондай-ақ ғылымның және инвестициялар мен халықты тарту орталықтарына да айналмақ.

7. КӨЛІКТЕ. Логистикалық қызмет секторы белсенді дамитын болады. Жүктерді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағы барынша пайдаланылмақ. Болашақта Қазақстан теңізге шығатын елдерде логистикалық орталықтар құруды инвестициялауды бастайтын болады.

8. ЭНЕРГЕТИКАДА. ЭКСПО-2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом стансасы құрылысы дамиды.

9. ШОБ. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамитын болады. Ол үшін индустрияландырудың екінші бесжылдығының жоспары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен біріктіріледі.

10. ЭКОНОМИКАДА. Қазақстандық экспорттық әлеуетте шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайтуға жағдай жасайтын экономиканың ғылымды қажет ететін моделі енгізілмек. Ғылымды қаржыландырудың өсуі ІЖӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейді құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар