• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2021

Қазақстанда интернет-дүкендер 7 миллион теңгені қайтарды

512 рет
көрсетілді

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алмаз Әбжаппаров қазақстандықтардың интернет-дүкен жұмысына қатысты шағымы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 573 қазақстандық интернет-дүкендердің жұмысына шағым түсірді. Нәтижесінде оларға шамамен 7 миллион теңге қайтарылды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 адам шағымданып, 1,4 миллион теңгені қайтарып берді. Азаматтардың интернет-сауда саласындағы шағымының көпшілігі тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту (175 қоңырау), сапасыз тауар (118 қоңырау), басқа мәселелер бойынша (280 қоңырау) туралы», деді Алмаз Әбжаппаров.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айында Комитетке жалпы саны 8164 өтінім түскен.