Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, бір аптаның ішінде «дельта» штамы анықталған елдер саны 142-ге жетті. Ал ковидке шалдыққандар 4 процентке өсті.
Қаупі жоғары 4 штамның ішінде «Альфа» мутациясы да өршіп барады. Қазір ол әлемнің 185 елінде бар. Сарапшылар бұл тенденцияны вакциналау науқанының баяу жүруімен және жаңа штамдардың тез таралуымен байланыстырады.