• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2021

Танысының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

1083 рет
көрсетілді

Түркістан облысында танысының сыртынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсіріп, өзінің танысын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Әйелдің айтуы бойынша, ескі танысы оның атынан 90 000 теңгеге несие рәсімдеп алған. Бүгінде бұл қарыз көлемі ұлғайып кеткен.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған Сауран ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол өз кінәсін толықтай мойындады.

Күдікті өзінің басқа банктегі қарызын жабу үшін, танысының жеке мәліметтерін пайдаланып, оның ұялы телефоны арқылы несиеге ұсыныс жіберген. Ұсынысы мақұлданғаннан кейін, әйел ақшаны өзінің шотына аударған.