• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Руханият 12 Тамыз, 2021

Ильхам Әлиев Олжас Сүлейменовке «Шараф» орденін табыс етті

283 рет
көрсетілді

12 тамызда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қазақ халқының көрнекті ақыны және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу барысында Президент Ильхам Әлиев Олжас Сүлейменовті Әзербайжанда көргеніне ризашылығын білдіріп, «Шараф» орденін кеудесіне тақты.

Сонымен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Олжас Сүлейменовтің Әзербайжан тарапынан өзге де бірнеше жоғары наградаларымен марапатталғанын атап өтті.

Айта кету керек, Әзербайжан Президентінің Жарлығымен осы жылдың мамыр айында О. Сүлейменов Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін «Шараф» орденімен марапатталған болатын.