• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2021

Алматыда автобус жолаушылары зардап шекті

167 рет
көрсетілді

Алматы қаласында жолаушылар автобустарының бірінде антифриз құбыры жарылып, іштегі жолаушыларға шашыраған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Бір науқас № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің денесін 3 пайызын күйік шалған. Оған дәрігерлер тарапынан алғашқы көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Әрі қарай оның жағдайын тұрғылықты жері бойынша тиісті емхана бақылайды. Екінші науқас ауруханаға жатудан бас тартты», деп хабарлады қалалық денсаулық басқармасының қызметкерлері.

Автобус «Алматыэлектротранс» тасымалдаушы компаниясына тиесілі болып шықты.

«Кеше, таңғы сағат 10.00-де №201 маршруттағы автобустың қозғалтқышы қызып, байланысты салқындатқыш жүйе бұзылды. Қазір аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. Автобус сервистік қызметке көшірілді», деп жазылған компанияның түсіндімесінде.