• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Ауылдықтар азайып барады

530 рет
көрсетілді

Облыста ауыл адамдарының саны азаю бағы­тынан танар емес.  Соңғы бес жыл ішінде өңірдегі  ауылдық елді мекендердің халқы 4,5 пайызға кеміген,  бұл 20 мыңдай адам деген сөз. Ал, ол облыстағы ірі бір ауданның халқымен пара-пар. Ауылдан көш тоқтаған жоқ.  Былтыр ғана ауылдан кеткендердің қарасы  0,5 пайызды құраған. Қазір Қостанай облысында қаладағылардың саны  454400 адам,  яғни  облыстағы барлық халықтың 51,6 пайызы, ал ауылдағылардың саны  426530,  яғни барлық қостанайлықтардың 48,4 пайызын құрайды.

Көші-қонның  тоқтамауы ауыл халқының азаюына басты себеп  болып отыр. Ең алдымен, ауыл­дан қалаға  көш тыйылар емес. Оның сыртында көрші Ресейге жүктерін буып жатқандар да аз емес. Мысалы, өткен 2013 жылдың  қаңтар-қараша айларында  ауыл-селодан 3787 адам көшіп кеткен. Олардың  бір мыңнан астамы  шетелге, 1320 адам еліміздің  басқа облыстарына, ал қалғандары  Қостанай облысының қалалы жерлеріне қоныс аударған.  2009 жылдан бері облыс өңірінде  54 ауылдың жұрты ғана қалды. 

Облыс аудандарының барлығында  дерлік  ауыл адамдарының  көп жылдан бері көшу туралы ойы өзгермеген. Тек облыс орталығының іргесіндегі Қостанай ауданына қарасты ауылдар тұрғындары өздерін көңілі орныққандай  сезінеді. Бұл аудан халқы тек табиғи өсіммен ғана емес,  облыстың өзге аудандарынан көшіп келгендер  есебінен көбейіп келеді. Себебі, алыс аудандар халқының барлығы да қала маңынан орын тепкенді дұрыс көреді.  

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай.

Соңғы жаңалықтар