• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2021

Аустралияда қатаң локдаун енгізілді

169 рет
көрсетілді

Аустралияда Дель­та штамының тез таралуына байланысты карантиндік талаптар күшейтіліп жатыр. Сиднейде оқшаулау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша әскери қызметшілер шақырылмақ.

Аустралияның астанасы Канберра қаласында сейсенбіде жергілікті тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін шаһарда бір апталық локдаун жарияланды. Канберра Сиднейден оңтүстік-батысқа қарай 260 км қашықтықта орналасқан. Сондықтан жергілікті билік қауіпті індеттің таралуы күшейіп кетуінен қауіптеніп отыр.

Осылайша, Аустралия екі ірі қалада – Сидней мен Мельбурнде қатаң карантиндік шектеулер енгізді. Бұл қадам Дельта штамының бұдан әрі таралуына тосқауыл болуға тиіс.

Қорғаныс министрінің өкілі Питер Даттон Reuters-ке берген сұхбатында New South Wales штатының билігі жақын арада ресми түрде қосымша әскери қолдау сұрайтынын айтты.

Қазіргі таңда 580-ге жуық әскери қызметші Аустралияның халық ең көп қоныстанған қаласы Сиднейде карантиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін полицияға көмектесіп жүр.

Штат шенеуніктері алыста орналасқан бірнеше қалада вирустың таралуы бақылаудан шығып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Соған байланысты жедел түрде карантин енгізді.

Сиднейде локдаун жарияланғанына жеті апта өткеніне қарамастан, күнделікті инфекция жұқтырғандар саны рекордтық деңгейден түспей тұр. Қала маңындағы үш ауданда локдаун ережелері күшейтілді. Соған сәйкес адамдардың үйлерінен 5 км қашықтыққа баруы шектелген.